Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

2025 ж. 6 қараша, бейсенбі10:00

2025 жылғы 6 қараша, бейсенбі күні сағат 10:00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы болады. Күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілді:

1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде (бірінші оқылым).

2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде (бірінші оқылым).

БАҚ өкілдеріне арналған брифингтер ұйымдастырылатынын хабарлаймыз.

Брифингке қатысушылар тізімі

1.Жанна АСАНОВА - ҚР Парламенті Сенатының депутаты;

2.Талғат ЖҮНІСОВ - ҚР Парламенті Сенатының депутаты;

3.Ботагөз ЖАҚСЕЛЕКОВА - ҚР Әділет вице-министрі;

4.Майра МЕЛДЕБЕКОВА - ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі;

5.Айбек СЫДЫҚОВ - ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі.

Сенат отырысы www.senate.parlam.kz сайтында онлайн режимде, Палатаның ресми https://t.me/senate_kz телеграм-арнасында, сонымен қатар «24kz» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілетін болады.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Күнтізбе