2026 жылғы 19 ақпанда, бейсенбі күні сағат 10:00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы болады. Күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілді:
1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен комиссиясының құрамы туралы.
2. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде.
3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік саланы және балалар спортын қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде.
БАҚ өкілдеріне арналған брифингтер өткізу жоспарланғанын хабарлаймыз.
Брифингке қатысушылар тізімі
1.Ольга БУЛАВКИНА - ҚР Парламенті Сенатының депутаты;
2.Амангелді ЕСБАЙ - ҚР Парламенті Сенатының депутаты;
3.Сұңғат ЕСІМХАНОВ - ҚР Энергетика вице-министрі;
4.Серік ЖАРАСБАЕВ - ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары.
Сенат отырысы www.senate.parlam.kz сайтында онлайн режимде, Палатаның ресми https://t.me/senate_kz телеграм-арнасында, сонымен қатар «24KZ» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілетін болады.
(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)