Биылғы жылдың 17 ақпанында сағат 11:00-де Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Қызылорда облысында көшпелі отырыс өткізеді. Онда «Байқоңыр» кешені аумағындағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану мәселелері талқыланады.
Іс-шараға Сенат депутаттары, ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі, ҚР ЖИжЦДМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, сондай-ақ мүдделі органдардың өкілдері қатысады.
БАҚ өкілдерін аталған іс-шараны жария етуге шақырамыз.
Журналистердің жиналуы: сағат 10:30-да.
Мекенжайы: Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, «Ғарыш-инфрақұрылым» әкімшілік ғимараты.
Журналистерді аккредиттеу үшін келесі нөмірге хабарласуды сұраймыз: +7 777 178-70-27, Шайхысламов Жан.
Құрметпен, Баспасөзге хабарлама
8 (7172) 74-72-27