Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

2026 ж. 23 сәуір, бейсенбі10:00

Биылғы жылғы 23 сәуірде сағат 10:00-де Сенат отырысы өтеді. Күн тәртібіне келесі мәселелер ұсынылды:

1. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі қабылдаған
«Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Валюта Қоры арасындағы Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия үшін өңірлік әлеуетті дамыту орталығына қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы»
Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде.

2. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі қабылдаған
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының әуе кеңістігі арқылы әскери мүлік пен персоналды транзиттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде.

БАҚ өкілдеріне арналған брифингтер өткізу жоспарланғанын хабарлаймыз.

Отырыс Палатаның ресми www.senate.parlam.kz сайты мен https://t.me/senate_kz телеграм-каналында онлайн режимінде, сондай-ақ «24KZ» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

 

Күнтізбе