Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

2026 ж. 24 сәуір, жұма10:00

2026 жылғы 24 сәуір, жұма күні сағат 10:00-де ҚР Парламенті Сенатында «Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде «Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту» тақырыбы бойынша парламенттік тыңдау болады.  

Парламенттік тыңдауға Көлік министрлігінің басшылығы, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, Жоғары аудиторлық палатаның және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, «Атамекен» ҚР ҰКП, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлікшілер одағының, «Халықаралық автомобильдер одағы» ЗТБ басшылығы және басқа да қоғамдық ұйымдар қатысады.

БАҚ өкілдеріне арналған брифингтер өткізу жоспарланғанын хабарлаймыз.

Парламенттік тыңдау www.senate.parlam.kz сайтында және Палатаның ресми телеграм-арнасында https://t.me/senate_kz онлайн режимде көрсетіледі.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Күнтізбе