Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

2026 ж. 30 сәуір, бейсенбі10:00

2026 жылғы 30 сәуірде, бейсенбі күні сағат 10:00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы болады. Күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілді:

1. Қазақстан Республикасы конституциялық заңдарының жобалары бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен комиссияларының құрамына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау туралы.

2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде.

3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде.

4. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде (бірінші оқылым).

БАҚ өкілдеріне арналған брифингтер өткізу жоспарланғанын хабарлаймыз.

                                               Брифингке қатысушылар тізімі

Арман ӨТЕҒҰЛОВ  - ҚР Парламенті Сенатының депутаты;

Евгений БОЛЬГЕРТ - ҚР Парламенті Сенатының депутаты;

Нұркен ШӘРБИЕВ  - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министрі;

Салауат МҮКСІМОВ - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

                                        Төрағасының орынбасары.

Сенат отырысы www.senate.parlam.kz сайтында онлайн режимде, Палатаның ресми https://t.me/senate_kz телеграм-арнасында, сонымен қатар «24KZ» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілетін болады.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

 

Күнтізбе