2026 жылғы 14 мамырда,бейсенбі күні сағат 09:00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы болады. Күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілді:
1. «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау туралы.
2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде.
3. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде.
4. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде (бірінші оқылым).
БАҚ өкілдеріне арналған брифингтер өткізу жоспарланғанын хабарлаймыз.
Брифингке қатысушылар тізімі
Сенат отырысы www.senate.parlam.kz сайтында онлайн режимде, Палатаның ресми https://t.me/senate_kz телеграм-арнасында, сонымен қатар «24KZ» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілетін болады.
Құрметпен, Баспасөз қызметі
8(7172)74-71-37