Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

2026 ж. 18 мамыр, дүйсенбі15:00

2026 жылғы 18 мамырда сағат 15:00-де «Экономиканың өсуін қаржылық ынталандыру» тақырыбында Үкіметтік сағат өтеді.

Іс-шарада мемлекет тарапынан ұлттық экономиканы қажетті деңгейде қаржыландыруды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар талқыланады. Онда ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері, «Байтерек» ҰБХ» АҚ, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы, сараптамалық және қаржы қоғамдастығының өкілдері, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың басқа да өкілдері қатысады.

БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізілуі жоспарланған.

                                   Брифинг қатысушыларының тізімі:

1. Сергей КАРПЛЮК – ҚР Парламенті Сенатының депутаты;

2. Арман ҚАСЕНОВ – ҚР Ұлттық экономика вице-министрі;

3. Рустам ҚАРАҒОЙШИН – «Байтерек» ҰИХ» АҚ Басқарма төрағасы.

Үкіметтік сағат www.senate.parlam.kz сайтында және Палатаның ресми YouTube-каналында https://www.youtube.com/@senate_kz онлайн режимінде трансляцияланады.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

 

Күнтізбе