Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

2026 ж. 28 мамыр, бейсенбі10:00

2026 жылғы 28 мамырда,бейсенбі күні сағат 10:00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы болады. Күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілді:

1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Оман Сұлтандығының Үкіметі арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді және оған Хаттаманы ратификациялау туралы»Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде.

2. «Еуразиялық экономикалық одақ пен үшінші тараптың (үшінші тараптардың) кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде.

3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде (бірінші оқылым).

4. «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде (бірінші оқылым).

5. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, білім беру, денсаулық сақтау және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде (бірінші оқылым).

6. «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне педагог мәртебесі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде (бірінші оқылым).

 

БАҚ өкілдеріне арналған брифингтер өткізу жоспарланғанын хабарлаймыз.

 

 Сенат отырысы www.senate.parlam.kz сайтында онлайн режимде, Палатаның ресми https://t.me/senate_kz телеграм-арнасында, сонымен қатар «24KZ» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілетін болады.

 

Құрметпен, Баспасөз қызметі

8(7172)74-71-37

Күнтізбе