Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

2026 ж. 4 маусым, бейсенбі11:30

2026 жылғы 4 маусымда, бейсенбі күні сағат 11:30-да ҚР Парламенті Сенатының отырысы болады. Күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілді:

1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының сайлау, прокуратура және әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде (бірінші оқылым).

2. «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару кодекстеріне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне оларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының сайлау және прокуратура туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде (бірінші оқылым).

3. «Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде (бірінші оқылым).

4. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде (бірінші оқылым).

5. «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде (бірінші оқылым).

6. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым, ғылымды қажетсінетін аумақтар, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде (бірінші оқылым).

БАҚ өкілдеріне арналған брифингтер өткізу жоспарланғанын хабарлаймыз.

Сенат отырысы www.senate.parlam.kz сайтында онлайн режимде, Палатаның ресми https://t.me/senate_kz телеграм-арнасында, сонымен қатар «24KZ» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілетін болады.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Күнтізбе