2026 жылғы 18 маусымда, бейсенбі күні сағат 10:00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы болады. Күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері жөнінде.
2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология және экономиканың жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде (бірінші оқылым).
БАҚ өкілдеріне арналған брифингтер өткізу жоспарланғанын хабарлаймыз.
Сенат отырысы www.senate.parlam.kz сайтында онлайн режимде, Палатаның ресми https://t.me/senate_kz телеграм-арнасында, сонымен қатар «24KZ» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілетін болады.
(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)