Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Халықаралық қызмет

04.07.2025 266

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ясумаса Ииджимамен кездесті.

25.06.2025 379

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Сингапур Республикасына сапары аясында ел Президенті Тарман Шанмугаратнаммен және Парламент Спикері Сеа Киань Пэнмен кездесті. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылап, осы бағыттағы бірлескен жұмыстың маңызды міндеттерін айқындады.

25.06.2025 286

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев, Ольга Булавкина, Серік Өтешов және Амангелді Толамисов Грекия Республикасы Парламентінің депутаты Эвангелос Сиригос бастаған делегациямен кездесті. Тараптар парламентаралық диалогты дамытуды, сауда-экономика байланыстарды кеңейтуді, көлік-логистика және «жасыл» энергетикадағы бірлескен жобаларды іске асыруды, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтумен қоса екіжақты ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын талқылады.

25.06.2025 240

Сенат депутаттары Евгений Больгерт, Закиржан Кузиев және Нурия Ниязова Америка Құрама Штаттарынан келген делегациямен кездесу өткізді. Делегация құрамында діни, қоғамдық және конфессияаралық ұйымдардың беделді өкілдері болды.

24.06.2025 268

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Сингапурда өткен Ұйымшыл қоғамдар жөніндегі халықаралық конференцияға қатысты. Аталған іс-шара әралуандықтағы көпмәдениеттілік пен үйлесім мәселелері бойынша пікірталастың жаңа кезеңі саналады.

20.06.2025 281

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Мұрат Қадырбек «Жаңа жүйелер. Заманауи қызметтер. Инновациялық шешімдер» тақырыбы бойынша өткен GovHR халықаралық форумына қатысты.

17.06.2025 343
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Сингапурдың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Зулкифли Бахарудинмен кездесті.
16.06.2025 357

Парламенті Сенатының депутаттары Сүйіндік Алдашев,  Бибигүл Жексенбай, Айнұр Арғынбекова және Закиржан Кузиев Корея Республикасының Ұлттық Ассамблеясы жанындағы Балалар, халық және қоршаған орта мәселелері жөніндегі комитет төрағасы Ли Ин Ёнмен кездесті. Әңгімелесу барысында тараптар заң шығару органдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

12.06.2025 418

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының «Түркі дәуірі: парламенттік дипломатияның рөлі» атты XIV пленарлық отырысында сөз сөйледі. Іс-шара барысында ТүркПА-ға мүше елдер – Әзербайжан, Қырғызстан және Түркия Парламенттерінің Спикерлері, сондай-ақ, басқа да қатысушы мемлекеттердің өкілдері түркі әлеміндегі маңызды мәселелерді талқылап, алдағы бірлескен жұмыстың негізгі міндеттерін белгіледі.

11.06.2025 476

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Нурланбек Тургунбекуулумен кездесті. Сұхбат барысында тараптар парламентаралық және екіжақты ынтымақтастықтың келешегіне назар аударды.

11.06.2025 347

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Иран Ислам Республикасы Мәжілісі депутаттарының делегациясымен кездесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бағыттарымен бірге парламентаралық диалогты дамыту, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту, сондай-ақ бірлескен инфрақұрылым мен логистика жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады.

11.06.2025 413

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ұйымдастырған Ресей күніне арналған салтанатты қабылдауға қатысты.

09.06.2025 211

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина Испания Парламенті Сенатының Сыртқы істер комитетінің төрағасы Хосе Игнасио Ландалусе бастаған Сенат делегациясымен, сондай-ақ Испанияның Қазақстандағы Елшісі Луис Франсискомен кездесті.

30.05.2025 435

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев бүгін Астана халықаралық форумына қатысу үшін Қазақстанға келген Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсемен кездесті.

29.05.2025 364

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Астана халықаралық форумына қатысу үшін Қазақстанға келген БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Даму бағдарламасы Әкімшісінің орынбасары Хаолянь Шумен кездесті.