Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Халықаралық қызмет

06.12.2023 85

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Халықаралық Түркі академиясының басшылығымен кездесті.

05.12.2023 73

Сенатор Бибигүл Жексенбай «Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогы» халықаралық конференциясына қатысты. «Аймақтағы гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл: тиімді және тұрақты шешімдерді бірлесе іздестіру» тақырыбына арналған шара БҰҰ қолдауымен өтті.

04.12.2023 120

Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев «Орталық Азия әйелдерінің диалогы» атты халықаралық конференцияға қатысу үшін елімізге келген Өзбекстан Олий Мажлисі Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаевамен кездесті.

01.12.2023 144

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Швейцария Конфедерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Салман Балмен кездесті. Сұхбат барысында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

30.11.2023 145

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина Орнықты даму мақсаттарын іске асырудағы парламентаралық ынтымақтастықтың жаһандық II форумына қатысты.

29.11.2023 98

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сергей Карплюк Стамбулда өткен «Инклюзивті және орнықты дамуға арналған мемлекеттік қаржыландыру: стратегиялық бюджеттік бастамалар мен фискалдық саясаттың рөлі» атты жаһандық конференцияға қатысты.

25.11.2023 95

Парламент Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова «Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік зерттеулер» тақырыбы бойынша Әзербайжанда өткен халықаралық конференцияға Қазақстан делегациясын бастап барды.

21.11.2023 118

ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов Финляндияның Әділет канцлері Туомас Пойстимен кездесті.

Төраға орынбасары өз сөзінде Финляндия Қазақстанның Еуропалық Одақтағы 
20.11.2023 112

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаев ЕҚЫҰ  Парламенттік Ассамблеясының Ереванда өткен 21-ші күзгі отырысына қатысты.

20.11.2023 120

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Армения Республикасы Ұлттық Жиналысындағы «Армения-Қазақстан» достық тобының жетекшісі Вагаршак Акобянмен кездесті.

17.11.2023 181

Қырғызстанға сапары аясында Мәулен Әшімбаев бастаған Қазақстан Парламенті Сенаты делегациясының мүшелері Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысты. Жиын барысында Мәулен Әшімбаев ұлы жазушының шығармашылығын екі халықтың «алтын көпірі» деп атады. Сенат Төрағасы алып тұлға әлемдік әдебиет тарихында гуманизмнің және адамгершілік құндылықтардың символы ретінде үлкен құрметке ие екеніне назар аударды. Ш.Айтматовтың шығармалары адамның ізгі қасиеттерін және тұлғаның бақытқа, бостандық пен әділеттілікке деген ұмтылысын дәріптейді.

17.11.2023 207

Қырғызстанға сапары аясында Мәулен Әшімбаев бастаған Қазақстан Парламенті Сенаты делегациясының мүшелері Қазақ-қырғыз жастары форумының ашылуына қатысты.

16.11.2023 165

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған Қазақстан Парламентінің делегациясы Бішкек қаласында өткен Қырғызстан Жогорку Кенешінің құрылғанына 85 жыл толуына орай ұйымдастырылған халықаралық конференцияға қатысты.

15.11.2023 162

Бельгияда БҰҰ – ЕО-ның Еуропалық Одақ мекемелеріндегі Орталық Азия  көшбасшы әйелдерінің диалогына арналған тәжірибе алмасу форумы өтті. Оған ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина да қатысты.

14.11.2023 122

Сенатор Ләззат Қалтаева Ирландияның Дублин қаласында өтіп жатқан «Мүгедектігі бар адамдардың саяси іске қатысуы» сараптамалық тобының жыл сайынғы кездесуіне қатысты.