Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Нұртөре Жүсіп: Жоғары оқу орны түлектерінің 50%-ға дейіні мамандығы бойынша жұмыс таппайды

28.02.2024 161

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Кәсіби біліктілік жөніндегі ұлттық кеңес отырысына қатысты.

Нұртөре Жүсіп шара барысында ағымдағы білім беру жүйесін өзгертудің маңыздылығын талқылай келіп, еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес келу қажеттігін атап өтті.

«ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру мониторингі жүйесін құру қажет. Бүгінгі таңда түлектердің 50%-ы оқу процесінде алған кәсіби дағдысын қолданатын жұмыс таба алмайды. Олардың едәуір бөлігі мамандығына сай жұмыс іздемейді. Сонымен қатар, қазіргі экономикада өкінішке орай, білім беру жүйесінде оқытылмайтын мамандарға сұраныс бар», - деді Нұртөре Жүсіп.

Сенатор сонымен қатар өңірдегі еңбек нарығы мен білім беру жүйесінің жұмысы арасындағы сәйкестікті қамтамасыз ету үшін нарықтың барлық субъектілеріне белгілі бір өңірдің экономикасын дамыту келешегі туралы нақты ақпарат қажет екенін атап өтті.

Отырысқа қатысушылар бас қосу қорытындысы бойынша еңбек қатынастарын реттеудің бірыңғай тетіктерін енгізу, сондай-ақ оқу орындары үшін тиісті гранттарды ұлғайту мәселелері бойынша пікір алмасты.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

 

Бөлісу