Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенатта ЕАЭО аясындағы интеграциялық процестерді күшейту туралы заң талқыланды

28.02.2024 120

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды талқылады.

Заң Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу, санитарлық шаралар, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ережеге өзгерістер енгізу мәселелері жөніндегі қолданыстағы ережелердегі олқылықтарды жоюға бағытталған. Құжатпен мүше мемлекет карантиндік объектілердің бірыңғай тізбесіне енгізілмеген зиянды тетіктерге қатысты шұғыл фитосанитариялық шараларды енгізе алатын жағдайларды белгілеу ұсынылады. Бұл ретте мүше мемлекет ол туралы Комиссияны, ЕАЭО-ның басқа мемлекеттерін хабардар етеді және ондай шараны кедендік аумаққа енгізу туралы ұсыныс енгізеді.

Хаттамаға сәйкес Комиссия мүше мемлекеттермен бірлесіп тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағдарламасын әзірлейді және оның іске асуы бойынша мониторингті жүзеге асырады. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алуға қатысуға оңайлатылған түрде қол жеткізу үшін ұлттық электрондық цифрлық қолтаңбаларды өзара тану қағидалары бекітіледі. Оған қоса тауарларды әкелу және әкету кезінде рұқсат алу процесін оңайлату көзделіп отыр.

Сенаторлардың айтуынша, хаттаманы ратификациялау Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық процестерді одан әрі нығайтуға ықпал ететін болады.

Комитет мүшелері талқылау нәтижесі бойынша заңды Палата отырысында қарау туралы шешім қабылдады.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: А.Байжұманов)

Бөлісу