Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Қ.Қуанышбаев атындағы драма театрда «Шәмші» қойылымы сахналанды

28.02.2024 158

Бүгін елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовты еске алуға арналған «Шәмші» спектакль-элегиясы сахналанды.

Қойылымды тамашалауға Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ сенатор арнайы барды.

Палата Спикері өз сөзінде Шәмші Қалдаяқов – қазақ халқының ұлттық мақтанышы, отансүйгіштік пен асқақ рухтың үлгісі екенін атап өтті. Көрнекті композитордың шығармалары ешқашан ескірмейді және қазақ халқының рухани өмірі мен мәдениетінің төрінен орын алады. Шәмшінің туындылары  әр буынның өкілдеріне кеңінен танымал.

Мәулен Әшімбаев қазіргі таңда елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша мәдениет саласына үлкен қолдау көрсетіліп келе жатқанын, осы бағытта кешенді шаралар қолға алынғанын атап өтті. Сондай-ақ Сенат Төрағасы өнер ұжымына ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттап, композитордың шығармашылығын дәріптегені үшін алғысын білдірді.

«Шәмші» элегиясының авторы белгілі ақын Серік Тұрғынбекұлы. Ол ұлы композитордың жұмбақ әлеміне үңіліп, жан дүниесінің нәзік қырларын шығармасына арқау етті. Қойылымның режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткер Болат Ұзақов.

Спектакльде Шәмші Қалдаяқовтың «Ақ маңдайлым», «Қайықта», «Кешікпей келем деп ең...», «Бақыт құшағында», «Сыған серенадасы», «Ана туралы жыр», «Теріскей» және басқа шығармалары орындалды.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: Н.Байбулин)

 

Бөлісу