Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенатта халықаралық мәмілелерде мемлекеттік кірістердің жоғалуын болдырмау туралы заң қаралды

04.03.2024 129

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды талқылады.

Заң Мемлекет басшысының трансферттік баға белгілеуге бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленген болатын. Сондай-ақ халықаралық іскерлік операцияларда және халықаралық іскерлік операцияларға байланысты мәмілелерде мемлекеттік кірістердің жоғалуын болдырмауға бағытталған.

Құжат нарықтық бағаны айқындау әдістерін қолдануды жетілдіруге, нарық ауанын айқындау тетігін енгізуге, капиталды шығаруға бақылауды күшейту мақсатында тараптардың өзара байланысын кеңейтуге, сондай-ақ тауар биржаларында жасалған мәмілелердегі трансферттік баға белгілеуге бақылауды қайтаруға бағытталған.

Сенаторлардың айтуынша, заң тауар биржаларында жасалған мәмілелер бойынша экспорттық бағалардың төмендемеуіне ықпал етеді. Ол салық салынатын табыстың ұлғаюына, халықаралық мәмілелердің мониторингін жақсартуға және т.б. әкеледі.

Депутаттар кеңейтілген отырыстың қорытындысы бойынша заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

 (Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

 

Бөлісу