Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сергей Карплюк ТМД ПАА комиссиясының отырысына қатысты

04.04.2024 494

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сергей Карплюк ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Бюджеттік-бақылау комиссиясының отырысына қатысты.

Сенатор ТМД ПАА Кеңесінің «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының қызметін қаржыландыру туралы» қаулысының жобасын, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің «Достастық балалары» халықаралық мәдени-білім беру форумын өткізу мәселелерін, сондай-ақ ТМД ПАА Бюджеттік-бақылау комиссиясының 2023 жылғы жұмысының қорытындыларын басқа елдердің әріптестерімен бірлесіп талқылады.

Сонымен қатар комиссияның келесі отырысы өтетін күн мен күн тәртібі де алдын ала талқыланды.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу