Сенаторлар өз кезегінде экономиканың түрлі секторларындағы еңбек дауларының алдын алуға бағытталған заңнамалық реттеу тетіктері туралы мегаполис тұрғындарын хабардар етті. Нұрлан Бекназаров Парламентте еңбек жағдайын жақсартуға және қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауға қатысты заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде қарқынды жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
«Президенттің келесі жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялау туралы Жарлығы – бұл кәсіподақ пен әлеуметтік серіктестерге лайықты еңбек жағдайы жөніндегі шараларды күшейтуге мүмкіндік беретін әділ және маңызды шешім болды», - деді сенатор.
Айгүл Қапбарова өз кезегінде Президент жариялаған жұмысшы кәсіптерінің мәртебесін арттыруға қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғаумен кәсіби түрде айналысатын қоғамдық ұйымдар елеулі үлес қосатынын жеткізді.
«Адам – ең алдымен әлеуметтік тұлға. Осыған байланысты кәсіптік бағдарлау саласындағы ақпараттандыру және жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру жөніндегі жұмысты күшейту қажет», - деді депутат.
Сенаторлар кездесу барысында әлеуметтік диалогты нығайту және азаматтық қоғамды дамыту үшін кәсіподақтармен одан әрі ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.
(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)