Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенатта түркітілдес мемлекеттердің байланыстарын нығайту мәселесі қаралды

05.05.2025 480

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарады.

Хаттамамен енгізілетін өзгерістер Хатшылықтың құжаттарын бекіту функциясын Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне, оларды түпкілікті қабылдау функциясын Мемлекет басшыларының кеңесіне бекітуді қамтиды. Өзгерістер бойынша Түркі тілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы мен Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымын туыс ұйымдар, ал Түркі академиясы мен Түркі мәдениеті мен мұрасы қорын аффилиирленген ұйымдар деп танылатын болды.

Байқаушы әріптестердің құрамынан бұрын Нахичеван келісімінде белгіленген халықаралық форумдар алынып тасталады. Сондай-ақ мемлекет басшыларының жыл сайынғы «бейресми» отырыстарына қатысты өзгерістер енгізу, ұйым органдары дайындаған құжаттарды қабылдау және бекіту, сондай-ақ төрағалық ету тәртібін өзгерту көзделіп отыр.

Сенаторлардың айтуынша, заңның қабылдануы түркі мемлекеттерімен экономиканың барлық салаларында өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерді үйлестіруге берік негіз болады.

Комитет мүшелері отырыс қорытындысы бойынша заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу