Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімінде болды. Олар әскери қызметшілердің қызмет ету және тұрмыс жағдайымен танысты, бригаданың командалық бекетін, казарманы, әскери жатақхананы, тактикалық жабық алаң мен акт залын тексерді.
Кездесуге қатысушылар әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандырудың өзекті мәселелерін, оның ішінде далалық төлем, ақша үлесі, тұрғын үй және көлік жеңілдіктері, тамақтану ережелері, зейнетақымен қамсыздандыру, әскери қызметтің беделін және ақпараттық саясатты талқылады.
Комитет төрағасы Андрей Лукин әскери қызметшілердің лайықты қызмет жағдайын, тұрақты ақшалай үлес және әлеуметтік толыққанды қорғалуын қамтамасыз ету ұлттық қауіпсіздіктің ажырамас бөлшегі екенін және кәсіби, айбынды армияны қалыптастырудың негізгі көрсеткіші болып табылатынын атап өтті.
«Әскери қызметшілер үшін лайықты қызмет жағдайын жасау, тұрақты ақша үлесі мен әлеуметтік толыққанды қолдауды қамтамасыз ету – бұл адамға қамқорлық көрсету ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі. Тұрғын үй мен жеңілдіктер, өтемақы мен келешекте мансабын жоғарылату мәселелерін шешуге кешенді көзқарас арқылы нағыз жауынгерлік қабілетті, ең жауапты міндеттерді орындауға дайын кәсіби және ынталы армия қалыптастыруға болады. Мемлекеттің Отан қорғаушылар алдындағы өз міндеттемесін қаншалықты орындайтыны, әсіресе жастар алдында әскери қызметтің беделін арттыруға тікелей байланысты», - деп атап өтті Андрей Лукин.
Қорғаныс министрлігінің өкілі өз кезегінде әскери бөлім орналасқан ғимараттар мен құрылыстар, автономды жылыту, коммуналдық қызмет және тұратын жермен қамтамасыз ету деңгейі туралы айтып берді.
(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: А.Байжұманов)