Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенатор Сергей Ершов: өңірлерде білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін дамыту маңызды

01.07.2025 407

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сергей Ершов Осакаров ауданындағы бірқатар әлеуметтік маңызды нысандарында болды. Ол сапар аясында «Жастар» балалар мен жасөспірімдер орталығын және аудандық аурухананы аралады.

Сенатор «Жастар» орталығында мекеменің қызметімен танысты, педагогикалық ұжыммен және тәрбиеленушілермен сөйлесті. Орталықта балалар мен жасөспірімдердің жан-жақты дамуына ықпал ететін түрлі үйірмелер мен секциялар бар. Сенатор ауылдық жердегі қосымша білім беруді қолдау мәселесіне ерекше назар аударды.

«Жастар» сияқты орталықтар жас ұрпақтың бойында дұрыс бағдар қалыптастырады. Мұнда дарындар дүниеге келеді, болашақ көшбасшылар тәрбиеленеді. Мемлекет қосымша білім беруді қолдауға ерекше назар аударуы керек, әсіресе ауылдық жерлердегі осындай мекемелер балалар мен жасөспірімдер көп баратын даму орталығына айналуы тиіс», - деді Сергей Ершов балалар үшін инфрақұрылым мен профилактикалық бағдарламаларды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Депутат аудандық ауруханада болып, медицина қызметкерлерімен көлік тапшылығынан бастап интернет проблемасына дейінгі ауыл медицинасының өзекті мәселелерін талқылады. Ауруханада орнатылған жаңа жабдықтар, оның ішінде ультрадыбыс аппараттары, анализаторлар мен КТ инжекторлары ерекше назар аударды. Депутаттың айтуынша, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту және денсаулық сақтауды цифрландыру мемлекеттік саясаттың басымдығы болып қала береді. Бұл қалада да, ауылда да сапалы медицинаға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуде аса маңызды.

Сергей Ершов екі саланың мамандарына аймақтық мәселелерді шешуге жүйелі көзқарастың маңыздылығын атап өтіп, іске адалдығы мен білікті мамандарға алғысын білдірді.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу