Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенаторлар балаларға шұғыл көмек көрсетуді жақсартудың жүйелі шешімдерін талқылады

11.07.2025 512

Сенат депутаттары Нурия Ниязова мен Жанна Асанова Алматы қаласындағы Балаларға шұғыл медициналық жәрдем көрсету орталығында болды. Сенаторлар Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген балаларға шұғыл және мамандандырылған көмек көрсететін мекеменің жұмысымен танысты. Орталық пациенттерді хирургия, нейрохирургия, травматология, урология, офтальмология, күйікті емдеу және жаңа туған нәрестелер хирургиясы сияқты бағыттар бойынша қабылдайды.

Сенаторлар басшылықпен және мейірбике қызметкерлерімен кездесу барысында көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, пациенттерді бағыттауды жеделдету, сондай-ақ жабдықтар мен цифрлық шешімдерді жүйелі жаңарту қажеттігі туралы мәселелерді талқылады. Қолданыстағы тарифтердің нақты шығынға, әсіресе күрделі және қымбат бағыттарға сәйкес келмеуіне баса назар аударылды.

«Мемлекеттік саясатта балалардың денсаулығы басымдыққа ие болып отыр. Бүгінгі таңда қолданыстағы жүйені қолдаумен қатар ең үздік медициналық тәжірибелер негізінде тез әрі сапалы шұғыл көмек көрсетілетін заманауи жағдай жасау маңызды. Ол үшін процестерді оңтайландыру, технологияларды енгізу және ең бастысы – дәрігерлер мен пациенттердің үнемі байланысы керек», - деп атап өтті Нурия Ниязова.

Сенаторлар сондай-ақ жаңа туған нәрестелерге арналған жансақтау палатасында болып, онда жас пациенттерді қарқынды емдеу шарттарымен танысты. Депутаттар кездесу қорытындысы бойынша аталған мәселелерді заңнамалық деңгейде шешуге жәрдемдесуге және балалар медицинасын нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдауға дайын екендіктерін білдірді.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу