Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенатта инновациялық қызметті қолдау шараларын жетілдіру қаралды

04.09.2025 1072

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновациялық қызмет саласын мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру және мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарады.

Заңның мақсаты жаңа технологияны енгізу және Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады. Құжат екі кодекс пен он заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізумен бірге «Astana Hub» халықаралық технологиялық паркі мен «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорын «Astana Hub» бірыңғай кластерлік қорына біріктіруді көздейді. Түзетулер Қордың міндеттерін және инновациялық қызметті қолдау құралдарын оңтайландыруға бағытталған.

Заңның жекелеген ережелері қорды қаржыландыруды жетілдіруге, оның ішінде мүшелік жарналар есебінен оның мүлкін қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың тиімділігін бағалау тетігін енгізу және жеке венчурлік инвесторларды қоса қаржыландыруды болдырмау арқылы венчурлік нарықты дамытуға қатысты болып отыр.

Сонымен қатар «Ұлттық инновациялық жүйенің бірыңғай терезесі» цифрлық платформасын дамыту және инновациялық даму саласында ақпарат беруге жауапты мемлекеттік органдарды айқындау бойынша түзетулер көзделген. Сондай-ақ, заңда байланыс операторларының мемлекеттік статистика мақсаттары үшін уәкілетті органға иесіз қалған абоненттер туралы деректерді ұсыну міндеті белгіленеді.

Комитет мүшелері отырыс қорытындысы бойынша заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: А.Байжұманов)

Бөлісу