Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенат депутаттары Конституцияның 30 жылдығына арналған халықаралық конституциялық форумға қатысты

12.09.2025 691

Сенат Төрағасының орынбасары Жақып Асанов, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров және депутат Наурызбай Байқадамов «Бейбітшілік пен құқыққа негізделген болашақ» халықаралық форумына қатысты.

Жақып Асанов өз сөзінде Конституцияның әрбір бабы - өмірді жақсы жаққа өзгертуге қабілетті «жаны бар» екенін атап өте келіп, заңгерлер мен мемлекет қайраткерлерінің міндеті осы мүмкіндікті ашу екенін жеткізді.

Ол реформалардың нәтижесін мысал ретінде келтірді. Атап айтқанда, 83-бап қылмыстық қудалау үшін прокуратураға айрықша құқық бекітті және «Е-қылмыстық іс» жүйесін енгізуге түрткі болды, бұл процестердің ашықтығын арттырып, қылмыстық істердің санын үш есеге - 500 мыңнан 170 мыңға дейін қысқартты.

Сенат Төрағасының орынбасары сот жүйесіне тоқтала келіп, сот тәуелсіздігінің өскенін, олардың қаржы дербестігінің нығайғанын және азаматтардың құқықтарын қорғаудың күшейе түскенін атап өтті. Мемлекеттік органдарға қарсы жеңген даулардың үлесі 15%-дан 60%-ға дейін өсті, ал татуластыру рәсімдері істер санын 2,5 есеге қысқартты.

«Бұл мысалдардың барлығы Конституция құқықты жаңартудың негізгі көзі болып қала беретінін көрсетеді. Оның әлеуеті сот пен прокуратураның реформалары, сондай-ақ парламенттік бастамалар арқылы ашылады», - деді Сенат Төрағасының орынбасары.

Ол сондай-ақ Президент құқық пен тәртіпті мемлекеттіліктің негізі ретінде белгілегенін атап өте келіп, форумның ұсыныстары заңнаманы жетілдіруге және бейбітшілікті нығайтуға көмектесетініне сенім білдірді.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу