Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысына онлайн қатысты

12.09.2025 746

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясының мекемеаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының бейне конференция сипатындағы отырысына қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісімнің маңызды алаңы болып табылады, онда ғылыми-сараптамалық топ бірлік пен келісімді нығайту жөніндегі шешімдер әзірлеуге көмектеседі.   

«Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-экспетерлік қызметі жаһандық өзгерістер мен жаңа сын-қатерлер жағдайында ерекше маңызға ие. Президент өз Жолдауларында атап өткендей, бұл уақтылы шешім қабылдауға мүмкіндік беретін қолданбалы ғылым мен талдау жұмысының дамуы. Сондықтан ҚХА-ның мекемеаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының жұмысын күшейту бүгінгі таңда басымдыққа ие міндет болып табылады. Ол білімді жинақтап қана қоймай, қоғамның бірлігі мен тұрақтылығын нығайтуға септігін тигізе отырып, оны ел басшылығы үшін жедел түрде нақты ұсыныстарға айналдыруы тиіс», - деп атап өтті Нұртөре Жүсіп.

Сенатор ҚХА-ны ғылыми-сараптамалық сүйемелдеуді дамыту Ассамблеяның ішкі міндеті ғана емес, сонымен қатар елдегі этносаралық келісім мен тұрақтылықты нығайтатын мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты екенін жеткізді.

«Жаһандық өзгерістер жағдайында Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісімнің бірегей алаңы ретіндегі рөлі одан да маңызды болып отыр. Бүгінгі таңда ең үздік зерттеу күштерін біріктіретін және мемлекет үшін практикалық ұсыныстарды қалыптастыратын мекемеаралық ғылыми-сараптамалық топтың қызметін нығайту ерекше міндет болып табылады. Біз ғылым мен сындарлы диалогына сүйеніп және келісімді сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайта аламыз», - деді сенатор.

Отырысқа қатысушылар жиын қорытындысы бойынша мекемеаралық топтың қызметін жетілдірудің негізгі бағыттарын талқылады және алдағы жұмыстың басымдықтарды белгіледі.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу