Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенатор Ольга Булавкина ТМД ПАА комиссиясының отырысына қатысты

02.10.2025 879

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ольга Булавкина ТМД ПАА-ның Аграрлық саясат, табиғи ресурстар және экология жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысына қатысты.

Сенатор басқа елдерден келген парламентшілерімен бірлесе отырып Аграрлық саясат, табиғи ресурстар және экология саласындағы үлгі заң шығаруды дамытудың келешек бағыттарын, сондай-ақ кезекті кезеңге арналған болашақ жоспарға ұсыныстарды талқылады.

Қатысушылар сонымен қатар «Булану газдары шығарындыларын шектеу туралы», «Жерге орналастыру туралы» үлгі заңдардың жобаларын, ТМД елдеріне арналған Жер кодексінің жаңа редакциясын, сондай-ақ жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы үлгі кодекске енгізілген өзгерістерді қарастырды. Парламентшілер XI Нева халықаралық экологиялық конгресінің қорытындыларын да талқылады.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу