ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Жалпыұлттық коалиция мүшесі Айгүл Қапбарова Шымкент қаласына болды және Халық Конституциясы жобасын жалпыұлттық талқылау жөніндегі Жалпыұлттық коалиция жұмысы аясында жұртшылықпен, еңбек ұжымдары және кәсіпкерлік қоғамдастық өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.
Ол Тұран ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен кездесті. Онда қатысушыларға жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері, сондай-ақ еліміздің бұдан былайғы қоғамдық-саяси дамуы мақсатында ұсынылып отырған өзгерістердің маңызы жан-жақты түсіндірілді.
Сенатор жұмыс сапары барысында Ақжар шағын ауданының тұрғындарымен, № 1 Шымкент қалалық ауруханасының ұжымымен және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлерімен кездесті. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдық келісімді нығайту және халықтың мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатысуын кеңейту мәселелеріне баса назар аударылды.
Айгүл Қапбарова кездесулерге қатысушылар алдында сөз сөйлеп, жаңа Конституцияның жобасы қоғамның мемлекеттік басқарудағы әділетті және жауапты үлгісіне деген сұранысын көрсететінін атап өтті.
«Негізгі Заңның осы редакциясы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін күшейтуге, билік институттарының жауапкершілігін арттыруға және мемлекеттік шешімдер қабылдау жүйесіндегі халықтың рөлін нақты бекітуге бағытталған», - деп атап өтті сенатор.
Қоғамдық келісімді конституциялық бекіту, этносаралық тұрақтылықты сақтау және ұлттық бірлікті нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сенатор кездесулерді қорытындылай келіп, азаматтардың ел болашағын талқылауға белсенді қатысуының маңыздылығына тоқталды және алдағы жалпыхалықтық референдумның тарихи маңызын атап өтті.
(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)