Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенат радиациялық жағдайға мониторинг жүргізу деректерімен алмасу туралы ТМД Келісімін ратификациялау туралы заңды қарады

01.04.2026 397

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің радиациялық жағдай мониторингінің деректерімен алмасу кезіндегі өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң қаралды.

Атап өтілгендей, құжат ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы өзара іс-қимылын дамытуға бағытталған. Келісім радиациялық жағдайға мониторинг жүргізу деректерін алмасуды, талдауды және болжауды, сондай-ақ тараптардың уәкілетті органдары арасында жедел ақпараттық өзара іс-қимыл тетіктерін қалыптастыруды көздейді.

Келісімді іске асыру шеңберінде тараптар мониторинг деректерімен жүйелі түрде алмасуды, берілетін ақпараттың сенімділігін, күтпеген жағдайларға байланысты ақпаратты беру мүмкін болмаған жағдайда уақтылы хабардар етуді, сондай-ақ алынған мәліметтерді тек осы халықаралық құжат шеңберінде ғана пайдалануды қамтамасыз ететін болады.

Сонымен қатар, Келісімнің қолданысы тек радиациялық жағдайдың мемлекеттік мониторинг жүйесінің деректеріне ғана таралады және атом энергиясын пайдалану объектілерінің радиациялық мониторинг деректеріне қатысты болмайды. Бұдан бөлек, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі комиссиясы бекітетін деректермен алмасудың бірыңғай тәртібін әзірлеу қарастырылған. Бұл тәртіп берілетін ақпараттың тізбесін, оның форматтарын, мұрағаттау мерзімдерін және уәкілетті органдардың өзара іс-қимыл регламентін айқындайды.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: А.Байжұманов)

Бөлісу