ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов Қонаев Университетінің студенттерімен кездесу өткізді. Вице-Спикер дәстүрлі академиялық дәріс форматынан бас тартып, 40 жыл бойғы әртүрлі лауазымдардағы қызмет тәжірибесінде қалыптасқан басқарушылық алгоритммен бөлісті.
Сөлеген сөзінде ол нақты, қағаз жүзіндегі емес нәтижеге қол жеткізудің үш негізгі қағидаты ұсынылды:
1. Нақты фокус: басымдықтарды дұрыс анықтай білу және артық, нәтижесіз жүктемені қатаң түрде қысқарта алу.
2. Команда - капитал: кез келген міндетті адамдар орындайтынын түсіну, сондықтан кәсіби кадр қалыптастыру кез келген жобаның ең маңызды бөлігі екені.
3. Жүйелілік пен технологиялар: басқаруда хаостық тәсілден бас тартып, жобалық басқару әдісін енгізу.
«Менің бүгінгі негізгі мақсатым - сіздердің алдағы 40 жылдарыңызды үнемдеуге көмектесу. Мен өз мансаптық жолымның негізіне айналған үш сабақты бөлісемін. Бұл - сиқырлы таблетка емес, бірақ дұрыс қолданған жағдайда кез келген есікті ашатын кілттерге айналады. Нәтиже бірден келмейді, уақыт пен шыдам қажет. Ең маңыздысы - артық ақпараттық және операциялық шудан арылу. Тек шын мәнінде маңызды нәрсеге нақты шоғырлану болғанда ғана нәтиже пайда болады», - деп атап өтті Жақып Асанов.
Дәріс ашық диалог форматында өтті. Студенттер нақты басқарушылық кейстерді талқылап, мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері мен мансап құру құралдары туралы сұрақтар қойды. Кездесу соңында Вице-Спикер қазіргі заманда тек еңбекқорлық жеткіліксіз екенін, ең бастысы - өз назарын басқара білу, командамен жұмыс істеу және кез келген сын-қатерге жүйелі тәсіл қолдану екенін атап өтті.
(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)