Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында жыл сайын өткізілетін «Парасат» байқауына өтінім қабылдау басталды. Бұл туралы Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаев Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.
«Байқауға Мемлекет басшысының бастамасымен елімізді дамыту және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру үшін қолға алынған іргелі істердің мәнін, оның ішінде конституциялық реформаның маңызын, сондай-ақ, Сенаттың осы бағыттағы заңнамалық жұмысын дәріптеп, халыққа насихаттап жүрген журналистер, шығармашылық ұжымдар мен блогерлер қатыса алады. Әдеттегідей жүлде телевизия, радио, баспасөз, интернет-басылым, әлеуметтік желі бағыттары бойынша үздік жұмыстарға беріледі. Озық аналитикалық материалға да арнаулы сыйлық қарастырылғанын атап өткен жөн», – деп жазды Мәулен Әшімбаев.
Байқауға 2025 жылғы 21 мамыр мен 2026 жылғы 20 мамыр аралығында жарияланған материалдар қабылданады. Өтінімдерді қабылдау мерзімі – 10 маусымға дейін.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
– Үздік телевизиялық материал;
– Үздік радиоматериал;
– Басылымдық БАҚ-тағы үздік жарияланым;
– Интернет-басылымдағы үздік жарияланым;
– Әлеуметтік желідегі үздік жарияланым;
– Жылдың арнаулы сыйлығы: Үздік талдамалық материал.
Байқау материалдарын төмендегі электрондық пошта мекенжайларына жолдау қажет:
– Senat_Press@parlam.kz;
– Senat.Parasat2026@gmail.com.
Анықтама телефондары: 74-72-27, 74-71-37.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында өтеді.
Байқау шарттары туралы толық ақпаратты Сенаттың ресми сайтынан алуға болады:
https://senate.parlam.kz/kk-KZ/contests/parasat
(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)