Сенатор Шәкәрім Бұқтұғұтов Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының тұрғындарымен кездесті. Депутат сапар барысында аудан активімен жүздесті және мәслихат хатшысымен әңгімелесті. Ол сондай-ақ AMANAT партиясының филиалында болып, өңірдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін талқылады.
Кездесуге қатысушылар мемлекеттік саясатты іске асыру барысы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелеріне, сондай-ақ Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай отырыстарында белгіленген бастамаларына ерекше назар аударды.
«Мұндай кездесулердің ерекше маңызы бар, өйткені тікелей қарым-қатынаста өзекті мәселелерді жақсы түсінуге болады және оларды шешу жолдары белгілі болады», - деді Шәкәрім Бұқтұғұтов.
Ол сонымен қатар қоғамдық келісімді нығайту, өңірлерді дамыту және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Тараптар кездесу қорытындысы бойынша аудан тұрғындарын толғандыратын мәселелер бойынша пікір алмасты. Сенатор Шемонаиха ауданының бұдан былайғы дамуға әлеуеті зор екенін айтты және мемлекет пен қоғамның бірлескен жұмысы азаматтардың әл-ауқатын арттырудың маңызды шарты болып табылатынын жеткізді.
(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)