Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда облысында өзен көлігін жаңғырту жобасын іске асыру мәселелері талқыланды

03.06.2026 345

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Шәкәрім Бұқтұғұтов Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде өткен өзен көлігін дамыту және бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру мәселелеріне арналған кеңеске қатысты.

Кездесу барысында кеме жасау зауытының басшылығымен суасты қанаттарымен жабдықталған үш жолаушылар кемесін, сондай-ақ жүк тасымалына арналған бес баржаны салу мәселелері қаралды.

Кеңеске қатысушылар кемелерді дайындау мерзімдерін, жобаны іске асыру кезеңдерін және өңірдің көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Жаңа кемелерді пайдалануға беру өзен тасымалының тиімділігін арттырып, логистикалық мүмкіндіктерді кеңейтуге және облыс экономикасының дамуына қосымша серпін беруге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Кездесу аясында шетелдік кеме жасау кәсіпорындарымен ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары мен көлік саласындағы жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері де қарастырылды.

Сондай-ақ қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асуына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Парламентаралық комиссияның қызметі де ықпал еткені атап өтілді. Аталған комиссия екіжақты байланыстарды нығайтуға және ортақ бастамаларды ілгерілетуге елеулі үлес қосып келеді.

 (Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

 

Бөлісу