Қазақстан Республикасы Президентінің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын қолдау мақсатында Халықаралық қоршаған орта күні қарсаңында Астанада, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында TALDAU қоғамдастығының ұйымдастыруымен экологиялық шара өтті.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында өңір жастары осындай шара өткізу туралы ұсыныс жасаған болатын.
Шараға қатысушылар қоғамдық аумақтарды тазарту жұмыстарын жүргізді. Елордада Қарасу өзенінің жағалауын, Қарағанды облысында – Қарқаралы ұлттық табиғи паркінің аумағын, ал Шығыс Қазақстан облысында – Мыза көшесіндегі көпір астындағы аумақты жинау ұйымдастырылды.
Қалдықтарды бөлек жинау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға тұрмыстық қоқыстарды сұрыптау және қайталама ресурстармен жауапкершілікпен жұмыс істеу қағидасы бойынша шеберлік сыныбы өткізілді. Жиналған қалдықтар санаттарға бөлініп, әрі қарай өңдеуге жіберілді.
Ұйымдастырушылар атап өткендей, шара аумақтарды тазартумен қатар экологиялық мәдениетті арттыруға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды насихаттауға және азаматтарды табиғатты қорға жөніндегі бастамаларға тартуға бағытталған.
Экология жөніндегі белсенділер, Сарапшылар клубының мүшелері және «Талдау мектебі» түлектері шараға қолдау білдірді. Шараға барлығы 200-ге жуық адам қатысты.
(Пресс-служба Сената, 74-72-27)