Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенат Төрағасы Президент Жарлығымен өкілеттігі тоқтатылған сенаторларға алғыс білдірді

02.09.2019 1042

Сенат Төрағасы Рашид Түсіпбековке атқарған қызметі үшін алғыс білдірді.

Төраға Рашид Түсіпбеков аудандық судья қызметінен бастап Жоғарғы Соттың алқа төрағасы лауазымына дейін қызмет етіп, қазақстандық сот жүйесінің қалыптасып дамуына қомақты үлес қосқанын атап өтті.

«Сот жүйесінде көп жылдар бойы жинаған мол тәжірибесін Бас Прокурор, Әділет Министрі қызметінде ұтымды пайдаланды. Елбасының сеніміне ие болып, еліміздің құқықтық саласының дамуына белсенді қатысты. Мемлекеттік қызметтегі ұзақ жылдар бойғы тәжірибесін Сенаттағы заң шығару жұмысында кеңінен қолданды», - деді Д.Назарбаева.

Сенат Төрағасы сондай-ақ, Р.Түсіпбековтің Сенат депутаты ретінде заң жобаларын талқылаған кезде салмақты ой-пікірін ортаға салғанын атап өтіп, ел азаматы ретінде Отанымызға сіңірген еңбегі үшін алғыс айтты.

Бөлісу