Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенаторлар экологиялық жобалардың орындалуын қадағалады

05.01.2021 623

Сенат депутаттары Ғұмар Дүйсембаев пен Сағындық Лұқпанов Атырау облысында сапарда болды.

Сенаторлар сапар барысында Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысын көрді және ондағы өндіріс барысымен, жоспарлы жөндеу нәтижелерімен, «Tazalyq» жобасымен және өзге де бизнес-жобаларымен танысты.  

Депутаттар зауыт жұмысшыларымен кездесіп, олардың әлеуметтік қамтылу мәселелеріне қанық болды.

Ғұмар Дүйсембаев пен Сағындық Лұқпанов Атырау қаласындағы кәріздік сулардың булану алаңының жұмыстарымен де танысты.

Бұған дейін Атырау облысы әкімдігі мен Атырау мұнай өңдеу зауыты арасында булану алқабын қалпына келтіру жөніндегі меморандумға қол қойылып, олардың орындалу мерзімі мен нақты жұмыстар көрсетілген «Жол картасы» бекітілген болатын.

Зауыт 2022 жылдың аяғына дейін 860 гектар жерді қалпына келтіретін болды. Депутаттар бұл жобаның экологиялық маңызы зор екенін атап өтті.

Сондай-ақ сенаторлар Атырау қаласындағы «Береке» шағын ауданы мен «Талқайраң» елді мекеніндегі «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан тұрғын үй құрылысының алаңында болды. Талқайраң ауылы маңынан бой көтеретін жаңа ықшам аудандарда көппәтерлі 430 тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Онда 25 мыңнан аса пәтер болады.

Сенаторлар сапар барысында Исатай ауданында да болды. Ауданға қарасты Қызылүй елдімекеніне газ тарту мәселесі туындап отырғаны айқындалды. Ауылда 150-ге жуық адам тұрады. Ауыл тұрғындары әлеуметтік қиындықтарға қарамастан туған жерлерін тастап көшкісі келмейтіні ақиқат. Сенат депутаттары бұл жағдаймен бұрыннан таныс екендігін айта келіп, елді мекенге газ тарту мүмкіндігі қаралатынын айтты.

Бөлісу