Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Жаңалықтар

Су тұщыту зауыты құрылысының жоспары талқыға салынды

06.01.2021 137

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Бақтыбай Шелпеков пен Сүйіндік Алдашев Маңғыстау облысына жұмыс бабындағы сапар аясында Жаңаөзен қаласында болды. Сенаторлар газ-поршенді электр станциясы мен қант зауытында және Жаңаөзен қаласының "Білім-Инновация" лицей-интернатында болып, «Мұнайшы» мәдениет үйінде қала тұрғындарымен және білім беру саласы қызметкерлерімен кездесті.

Депутаттар индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының аясында іске қосылған газды поршенді электр станциясын аралады, станция ұжымымен кездесті, жаңадан ашылған жұмыс орындарын көрді және экономиканы әртараптандыру, индустрияландыру және отандық тауарларды сыртқы нарыққа шығару мәселелерімен танысты.

Сенаторлар кездесулерде Мемлекет басшысының халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған тапсырмалары бойынша қабылданған маңызды заңдар туралы хабардар етті және осы бағыттар бойынша Парламент қабырғасында атқарылып жатқан шаралар туралы айтып берді. Жаңаөзен қаласындағы қант зауытының еңбек ұжымымен кездесуде 2020 жылы Қазақстанда қабылданған жаңа заңдар, оларға енгізілген түзетулер мен толықтырулар туралы айтылып, қойылған сұрақтарға жауап берді.

"Білім-Инновация" лицей-интернатының ұстаздарымен кездесу барысында заңның іс жүзінде қалай жұмыс істеп жатқаны туралы, оның ішінде, педагогтардың қоғамдағы беделінің көтерілуімен қатар олардың еңбекақысының ұлғаюы туралы да  айтылды.

Сенаторлар «Мұнайшы» мәдениет үйінде қала тұрғындарымен кездесу барысында Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының оңтүстігіне таман 70 шақырымда орналасқан «Кендірлі» аймағындағы Тоқмақ жерінде су тұщыту зауыты құрылысын салу жоспары туралы мәселе талқыға салынды. Оның Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін аса маңызды екендігі атап өтілді.

Бөлісу