Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

ҚР Парламенті Сенаты Бюросының отырысы болды

01.02.2021 829

Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Бюро отырысы болды.

Депутаттар 2021 жылғы 4 ақпанда өтетін Сенаттың алдағы отырысының күн тәртібін талқылады.

Сенаторлар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қарайды. Құжат іргелі зерттеулермен қатар қолданбалы ғылыми зерттеулерге мемлекеттің назарын күшейтуді көздейді. Сондай-ақ, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мүмкіндігі пайда болады.

Депутаттардың қарауына "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы да ұсынылатын болады. Құжаттың негізгі мақсаты заңнаманы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның ережелеріне сәйкес келтіру болып табылады.

Сенаторлар сонымен қатар Мәжілістен келіп түскен бірқатар заң жобаларын тұрақты комитеттерге бөліп берді.

Бөлісу