Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Жаңалықтар

Сенатта сақтандыру нарығын жетілдіру мәселелері талқыланды

02.03.2021 134

Сенаттың Қаржы және бюджет комитеті Ольга Перепечинаның төрағалығымен «Сақтандыру нарғының даму келешегі. Өмірді сақтандыруды реттеу және дамыту бағыттары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шара барысында сақтандыру нарығының даму келешегі, жұмысшыны оқыс жағдайдан міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру және компаниялардың өмірді сақтандыру бойыншы қызметі жан-жақты талқыланды.

«2018 жылғы жазда Сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері туралы заң қабылданды. Соның нәтижесінде қаржы қызметін, соның ішінде сақтандыру қызметін тұтынушылардың құқықтарын қорғау тетіктері қалыптасты. Бұл халықтың сақтандыру жүйесіне деген сенімін айтарлықтай өсірді. Сондай-ақ, өткен жылдың аяғында қабылданған Экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері туралы заң да сақтандыру нарығының дамуына тың серпін берді. Аталған құжатта зейнетақы аннуитетін ұсынатын компаниялардың қызметтерін кеңейтуге қолайлы жағдай жасау мәселесі қарастырылған», – деді Комитет төрағасы Ольга Перепечина.

Дөңгелек үстел барысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева халықтың сақтандыруға қызығушылығын арттыру мақсатымен қабылданған шаралар туралы айтты. Олардың қатарында өмірді жинақтау арқылы сақтандыру бойынша салықтық жеңілдіктердің енгізілуі, сақтандыру келісімшарттарын онлайн режимде жасау мүмкіндігі, зейнетақы аннуитеті құнының 44 пайызға төмендетілуі сияқты шаралар бар. Одан бөлек, Мария Хаджиева қолға алынған нақты жұмыстар азаматтардың жинақтау бастамаларын көбейтуге, халықтың сақтандырумен қамтылуын қамтамасыз етуге және сақтандыру қызметінің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Өз кезегінде Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы Кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова өмірді сақтандыру компанияларының азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз етудің баламасын ұсынуы және мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы айтты. Оның айтуынша, соңғы 5 жылда БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемінің жалпы көлемін сақтай отырып, зейнетақы жинағын сақтандыру компанияларына аудару 2 есеге, яғни, 23 миллиардтан 46 миллиард теңгеге өскен. Осы 5 жыл ішінде зейнетақы алушылардың қатары 8 пайызға артқан.

Ал, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов жұмысшыларды сақтандыру саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Ол бірқатар сақтандыру компаниялары өндірісте зардап шеккен азаматтарға төлемдер төлейтінін тілге тиек етті. Елімізде сақтандыру саласында 28 компания жұмыс істейді. Олардың 9-ы өмірді сақтандыру мәселелерімен айналысады. Олар 2020 жылы 57,3 мың келісімшарт жасаған. Алайда, бұл жұмыс істейтін азаматтардың жалпы санының 31 пайызын ғана құрайды. Демек, еліміздегі жұмысшылардың үштен бірі ғана оқыс жағдайлардан сақтандырылған.

Комитет төрағасы Ольга Перепечина дөңгелек үстелді қорытындылай келе, сақтандыру қызметі қаржы нарығында қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың бірі екенін айтты. Осы саланың әрі қарай өркендеуі үшін бүгінгі іс-шара барысында айтылған мәселелерді шешу керектігіне де назар аударды. Көтерілген мәселелердің ең маңыздыларының негізінде Үкімет пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне арналған ұсынымдар даярланады.

Кездесуге мүдделі мемлекеттік органдар мен өмірді сақтандыру компанияларының басшылары қатысты.

Бөлісу