Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Жаңалықтар

Сенаторлар Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьяларын қызметінен босату туралы ұсынымын қарады

02.03.2021 128

Бүгін Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда депутаттар Жоғарғы Сот судьяларының басқа қызметке тағайындалуы мен отставкаға кетуіне орай оларды қызметінен босату туралы Президентінің ұсынымдары қаралды.

Сенаторлар отырыс барысында сондай-ақ «Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Заң жобасын да талқылады.

Заң жобасы сотталған азаматтарды жазаларын одан әрі азаматтығы жағдайында өтеу үшін беру туралы Қазақстан мен Болгарияның құзыретті органдары арасындағы қатынастарды реттеуге бағытталған.

«Жалпы, республикадан тыс жерлерде сотталған азаматтарымыз туыстарымен кездесу кезінде қаражаттың жетіспеуі мен тілдік қиындықтарға байланысты қиындықтарға тап болатыны белгілі. Сондықтан Келісім шетелдіктерге және біздің азаматтарға басқа елде қылмыс жасаған жағдайда жазаларын өз Отанында өтеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қамаудан шыққаннан кейін бұл адамдар қоғамға тез бейімделіп, әлеуметтік оңалту рәсімдерінен өте алады», - деді Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров.

Күн тәртібіндегі тағы бір мәселе «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындауды беру туралы конвенциясын ратификациялау туралы» заң жобасын қарау болды.

Бұл Конвенцияда жазаның орындалуын сотталған адамның өзі немесе оның заңды өкілінің азаматы болып табылатын мемлекетке беру туралы өтініш хатпен жүгіну құқығы көзделіп отыр.

«Конвенцияны ратификациялау қылмысқа қарсы күрестің тиімділігін арттырады, сотталғандарды түзеуге, оларды әлеуметтік оңалтуға және жаңа қылмыстардың алдын алуға ықпал ететін болады. Осыған байланысты бүгін қаралып отырған Конвенция маңызды әрі уақтылы деп айтуға болады» - деді сенатор Рысқали Әбдікеров.

Заң жобалары Палатаның қарауына ұсынылды.

Бөлісу