Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Жаңалықтар

Сенат Солтүстік Македониямен халықаралық шарттарды ратификациялауға қатысты заң жобаларын қарастырады

19.04.2021 88

ҚР Парламенті Сенатының Бюро мүшелері ағымдағы жылдың 22 сәуірінде өтетін Палата отырысының күн тәртібін бекітті. Осылайша, депутаттар Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы адамдарды ұстап беру туралы шартты ратификациялау бойынша заң жобасын қарайды.

Отырыстың күн тәртібіне Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы да енгізілді. Оның қабылдануы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету тәртібін белгілеуге, сондай-ақ екі ел арасындағы қылмысқа қарсы күрес саласындағы өзара іс-қимылды арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Сенат отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын қарайды. Бұл шартта құзыретті органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі, сұрау салудың шарттары, нысаны мен мазмұны, ақпарат алмасу, сотталған адамның транзиті және сотталған адамды беруге байланысты туындаған шығындарға байланысты нормалар көзделген.

Сонымен қатар, Бюро мүшелері Мәжілістен келіп түскен бірқатар заң жобаларын тұрақты комитеттер арасында бөлді.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген Е.Үкібаев)

Бөлісу