Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Сенаторлардың назарында – өнеркәсіпті дамыту

08.05.2021 434

Сенаторлар Жеңіс Нұрғалиев пен Сергей Карплюк зауыт және кәсіпорын басшыларымен кездесуде еліміздің автомобиль өнеркәсібін дамыту мәселелері мен келешегін талқылады. Кездесу Қостанай қаласындағы "Агромашхолдинг KZ" локализациялық орталығының базасында өтті.

Депутаттар ауыл шаруашылығы техникасы мен автомобильдер бөлшектері дәнекерленетін, боялатын және жасалатын әмбебап цехтары бар жаңа өндіріс алаңдарымен танысты. Жоба түрлі бөлшектер базасы өндірісін қалыптастыру арқылы ел аумағында орналасқан қазіргі машина жасау жобаларын шоғырландыру мақсатында іске қосылған болатын. Сенаторларға сондай-ақ зауыт қызметкерлеріне арналған жаңа жатақхана, асхана және оқыту орталығы да көрсетілді.

Әңгіме барысында проблемалық мәселелер де көтерілді. Зауыт жұмысшылары, атап айтқанда, елдегі металл құнын реттеуді енгізу мүмкіндігін қарастыруды сұрады. Кәсіпорын қызметкерлерінің айтуынша, ағымдағы жылы металлдың жекелеген түрлері 90%-ға қымбаттады. Бұл өз кезегінде Қазақстанда өндірілген техниканың өзіндік құнына теріс әсер етті.

Сондай-ақ еліміз аграршыларының техникаға деген нақты қажеттілігін ескере отырып, өнеркәсіпті дамыту қорының машина-трактор паркін жаңарту бағдарламасы бойынша қаржы лизингі арқылы отандық техниканы қосымша қаржы бөлу мәселелері де маңызды болып отыр.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу