Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенат ЕАЭО Кедендік тарифтері туралы заң жобасын қарайды

11.05.2021 473

ҚР Парламенті Сенатының Бюро мүшелері Палатаның биылғы жылдың 13 мамырында өтетін отырысының күн тәртібін бекітті. Сенаторлар "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 10 қазандағы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасын қарайтын болды. Құжат Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифтерін толық имплементациялауға дейін кедендік баждардың төмендетілген мөлшерлемелерін қолдануда Армения Республикасына өтпелі кезеңді 1 жыл мерзімге ұзарту жөніндегі уағдаластықтарды іске асыру үшін әзірленген болатын.

Отырыстың күн тәртібіне "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырдағы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасы да енгізілді. Құжат ЕАЭО бірыңғай кедендік тарифтерін толық имплементациялауға дейін кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін қолдануда Қырғызстан үшін өтпелі кезеңін ұзартуға бағытталған. Заң жобасында Қырғызстан аумағына үшінші елдерден әкелінетін кейбір тауарларға қатысты кедендік-тарифтік саланы реттеу қамтылған.

Бюро мүшелері сондай-ақ Мәжілістен келіп түскен бірқатар заң жобаларын тұрақты комитеттерге бөліп берді.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу