Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Айгүл Қапбарова Молдовадағы парламенттік сайлауды байқауға қатысты

12.07.2021 364

Молдовада мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өтті. Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова сайлау барысын байқауға қатысты. Ол ТМД ПАА-дан халықаралық байқаушылар делегациясының құрамына кірген болатын.

Сенатор сондай-ақ Молдова Орталық сайлау комиссиясының төрағасымен, Парламент басшылығымен және елдегі бірқатар саяси партиялардың штабтарымен кездесулерге қатысты.

Молдовадағы мерзімінен бұрын сайлауға 2436 байқаушы тіркелді, оның 636-ы халықаралық байқаушы болып табылады.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу