Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Сұлтан Дүйсембинов: Өңірлерде вакцинация жүргізуге ерекше назар аудару қажет

13.07.2021 426

Сенат депутаты Сұлтан Дүйсембинов Алматы облысының Талдықорған қаласында болды.

Сенатор көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысымен және қалалық орталық қазандықтың қайта жөнделу барысымен танысты. Онда құрылыс жұмыстарының сапасын қатаң бақылау қажеттігіне жергілікті атқарушы органдардың назарын аударды.

Сенатор сонымен қатар Еркін ауылындағы дәрігерлік амбулатория ұжымымен де кездесті. Депутат Сенат осы сессияда еліміз халқының өмірін жақсартуға бағытталып қабылдаған жаңа заңдар туралы ауыл тұрғындарына айтып берді. Сенатор сондай-ақ коронавирус инфекциясының алдын алу шараларының маңыздылығын да атап өтті.

«Коронавирус пандемиясымен күрес тақырыбын тосырқамай, вакцинация жүргізуге ерекше назар аударып, халыққа үнемі ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет», - деп атап өтті Сұлтан Дүйсембинов.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу