Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Нариман Төреғалиев пен Ләззат Рысбекова Батыс Қазақстан облысының шаруаларымен кездесті

14.07.2021 379

Сенат депутаттары Нариман Төреғалиев пен Ләззат Рысбекова Батыс Қазақстан облысындағы Сырым, Теректі және Бәйтерек аудандарының шаруа қожалықтарында болып, олардың басшыларымен және қызметкерлерімен кездесті.

Сенаторлар фермерлермен жүздесу кезінде жем-шөп дайындау жұмыстарының барысын талқылады. Кездесу барысында сондай-ақ жем-шөп жинау жабдықтары мен техникасына бағаның өсуі мәселесі көтерілді. Депутаттар бұл мәселе ел басшылығының бақылауында екенін және сенаторлар өз тарапынан туындаған проблемаларды шешуге белсенді түрде жәрдемдесетінін атап өтті. Фермерлер сонымен қатар субсидиялар беру ережелері жиі өзгеріп отыратындығына да алаңдаушылық білдірді. Бұл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қолайсыздықтар туғызады және оларға өз қызметін жоспарлауға мүмкіндік бермейді. Депутаттар бұл мәселені Сенатта қарау аса маңызды болатынын атап өтті.

Нариман Төреғалиев пен Ләззат Рысбекова Бөрлі және Шыңғырлау аудандарында да болды. Сенаторлар ауыл тұрғындарымен кездесу барысында оларға өткен сессия барысында қабылданған заңдардың негізгі ережелері туралы айтып берді. Депутаттар сондай-ақ жол, көппәтерлі үй және спорт кешені құрылыстарының барысымен танысты. Олар атқарылатын құрылыс жұмыстарының сапасын сақтау және бөлінген қаражаттың игерілуін тиімді бақылау қажеттігін мердігерлер мен әкімдіктің есіне салды.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу