Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенатор Дәурен Әділбеков Ақмола облысында сапарда болды

02.08.2021 567

Сенат депутаты "Раздольное - Свободное - Есіл" автожолындағы көпір құрылысының барысын қарап, Бұзылық ауылдық округінің жаңадан сайланған әкімімен кездесті. Дәурен Әділбеков жергілікті маңызы бар мәселелерді уақытылы шешу қажеттігіне әкімнің назарын аударды.

Сенатор қазіргі күрделі мәселелер жергілікті деңгейде шешілмейтін болса шешуге атсалысуға әзір екенін атап өтті. Өңірдегі сондай проблемаларының бірі - жол құрылысының сапасы, сенатор сондықтан "Бұзылық-Алматы" автомобиль жолын жөндеу жұмыстарының барысын тексерді.

«Өңір тұрғындары маған осы автомобиль жолы учаскесін жөндеу қажеттігі туралы айтқан болатын. Сондықтан қазір Автомобиль жолдары басқармасы мен мердігер ұйымдар осы жұмыстардың бәрін уақытында аяқтауы маңызды деп санаймын. Екінші жағынан, қоғамдық бақылаудың да маңызы зор», - деп атап өтті сенатор.

Дәурен Әділбеков Жарқайың ауданында Крупская атындағы мектептің жаңа оқу жылына дайындық барысымен танысып, шаруа қожалықтарының бірінде болды. Сенатор мал азығын уақытылы дайындаудың және ауыл шаруашылығы техникасын алдағы егін жинау науқанына дайындаудың маңызды екенін атап өтті.

Сенатор сапар барысында құрылыс алаңдарына болды және Жақсы ауданының қайта өңдеу кәсіпорындарының жұмысымен танысты.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу