Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенаторлар азаматтарды әлеуметтік қорғауды күшейту жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

16.09.2021 664

Бүгін Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Палата отырысы өтті.

Онда еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындаған Сенаттың жаңа депутаты Серікбай Трұмов ант берді. Ол Палатаның Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі тұрақты комитетінің мүшесі болып сайланды. Мәулен Әшімбаев жаңа сенаторға ел мүддесі жолында нәтижелі жұмыс істеуге тілектестігін білдірді.

Депутаттар сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарады.

Мүгедек азаматтардың және оларға күтім жасайтын адамдардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және өмір сүру сапасын жақсартуға осы заң жобасының арналуы оның маңызын айғақтап отыр. Онда ерекше қажеттіліктері бар балалар мен олардың отбасыларына ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, I топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдарға жәрдемақы алғаш рет енгізілді. Заң жобасында сондай-ақ қамқоршылардың еңбек өтілінде ескерілетін мерзімді ұзарту да ұсынылды.

«Бүгінгі күні «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн еңбек өтілін есептеу кезiнде 16 жасқа дейiнгi мүгедек баланы бағып-күткен уақыт есепке алынады. Заң жобасында еңбек өтілін есептеу уақытын 18 жасқа дейін ұзарту көзделген. Бұл шара, зейнеткерлік жасқа келген адамдарға мемлекеттік базалық зейнетақысын және жасына байланысты зейнетақы төлемін алу кезінде еңбек өтілін толық ескеруге мүмкіндік береді», - деп атап өтті сенатор Нариман Төреғалиев өз баяндамасында.

Осылайша, бүгін сенаторлар мақұлдаған әрі екінші оқылымда қарауға жіберілген заң жобасы еліміздегі 400 мыңға жуық азаматтың құқықтарын қорғауды жақсартуға мүмкіндік береді.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27, Суретті түсірген Е.Үкібаев)

Бөлісу