Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Сенаторлар жалпы қалалық сенбілікке қатысты

18.09.2021 51

Сенат депутаттары мен Аппарат қызметкерлері дәстүрлі жалпы қалалық сенбілікке қатысты. Олар Шабал Бейсекова көшесінің бойына қарағаш пен шегіршін, емен мен қарағай және терек көшеттерін отырғызды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жасыл Қазақстан» ұлттық бағдарламасы әзірленетін болды және ағаш отырғызу жөнінде белсенді жұмыс жүргізу көзделіп отыр. Қасым-Жомарт Тоқаевтың орман қорына 2 миллиардтан астам ағаш және еліміздегі елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызу туралы бастамасы қоғам қолдауына ие болды.

Сенаторлар экологиялық проблемаларды шешу және көгалдандыру жұмыстарын заң шығару қызметі аясында ғана емес, сондай-ақ экологиялық шараларға қатыса отырып қолдауы тиіс екенін атап өтті.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27, Суретті түсірген Е.Үкібаев)

Бөлісу