Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Мұхтар Жұмағазиев пен Дүйсенғазы Мусин аграрлық ғылыми-зерттеу институттарының жұмысымен танысты

08.10.2021 289

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Дүйсенғазы Мусин мен Мұхтар Жұмағазиев «Ауыл шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері мен келешегі» тақырыбындағы парламенттік тыңдауды өткізуге дайындық аясында Қазақстандағы ветеринариялық және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ветеринариялық қызметті дамыту мәселелері бойынша Қазақ ветеринариялық ғылыми-зерттеу институты мен Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында болды.

Сенатор Мұхтар Жұмағазиев мал шаруашылығын дамытудағы ветеринарияның маңызды рөлін атап өтті.

«Ветеринарлық қызметті дамытуға, отандық ветеринарияны ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету мен еліміздің мал шаруашылығы кәсіпорындарының тұрақты ахуалын, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көбірек көңіл бөлу қажет», - деді Мұхтар Жұмағазиев.

Институт және оның Қазақстандағы мал шаруашылығының ветеринарлық әл-ауқатын қамтамасыз етуді ғылыми қолдаудағы рөлі туралы парламентшілер жан-жақты хабардар етілді. Сенаторлар сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарының алдағы нәтижелері мен теориялық негіздерінің стратегиясымен, жануарлардың инфекциялық, инвазиялық және жұқпалы емес ауруларын диагностикалау, алдын алу және емдеу стратегиясымен танысты.

Депутаттар сондай-ақ бактериология және вирусология институтының зертханаларында болды, онда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін отандық препараттарды әзірлеу үшін зерттеу жүргізіледі және мал шаруашылығы өнімдері мен жемшөптің сапасын бағалау мен ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін бақылаудың жаңа әдістері әзірленеді.

Сенаторлар сонымен қатар Молекулярлық биология және вирустардың, бактериялар мен саңырауқұлақтардың гендік инженериясы саласындағы биоқауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының қызметімен, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялық ауруларға қарсы вакциналар шығаратын зауыттың жұмысымен танысты.

Сенаторлар сапарды қорытындылай келіп, елдің ауыл шаруашылығы өнімінің едәуір бөлігінің экспортын ұлғайтуда қазіргі заманғы ветеринария ғылымының маңызды рөлін атап өтті. Депутаттар кадрлар даярлауда, жалақыны арттыруда және қазіргі процестерді цифрландыруда жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігіне тоқталды.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу